Оқушылар бір күнде 1350 ағаш отырғызды. «Мектеп орманшылығы» жобасы Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясымен үндес. Бір артықшылығы - көшет еккен оқушылар оны баптап та үйренеді. Күтімін жасау да міндетіне кіреді. Ал оларға орманшылар мен биология пәні мұғалімдері тәлімгер болып жүр.