«Жақсылық жасау әркімнің қолынан келеді. Шын ниетпен көмек беру - үлкен іс». Бүгін ерікті түрде қан доноры болған телеарна қызметкерлері осылай деді. 65 жылдық мерейтой аясында телеарна ұжымы қайырымдылық акциясына жұмыла атсалысып, игі іске мұрындық болды