Автобусты мас күйінде жүргізеді, тасымалдау ережесін сақтамайды. Полиция қоғамдық көлік жүргізушілері мен такси қызметін ұсынатын адамдарды назарға алды.

 Еліміз бойынша қазір "Тасымалдаушы" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Бірер күннің ішінде 500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Көбі жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамай отыр.