Құқықтық көмек. "Amanat" депутаттары партиялық жоба аясында азаматтарды қабылдау өткізді. Өтінішімен келгендердің басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері мен зейнеткерлер. Азаматтар өз сұрақтарын халық қалаулыларына ғана емес, заңгер, медиатор, нотариус және тұрғын үй инспекциясының мамандарына да тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Келушілер әлеуметтік төлемдер, баспана алу және Еңбек кодексіне қатысты мәселелерді қозғап, тиісті кеңес алды