Облыстық білім басқармасы «Жақсылық жолында» жобасын қолға алды. Мақсат - жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алып, оқушыларды қайырымды істерге баулу. Алғашқы игі шара қаладағы колледждердің бірінен басталды. Жоба шеңберінде жастар әртүрлі саланың білікті мамандарымен жүздеседі. Ал, оларға қоғамда өз орнын тапқан аға буын бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңесін бөліседі.