Биыл 9 айда облыста 478 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның 470 келісі марихуана, 8 келісі синтетикалық есірткі. Интернет кеңістігінде жарнама таратқан 1120 сайт анықталып, олардың сілтемесі «Кибернадзор» жүйесіне енгізілді.

Жыл басынан бері 300-ге жуық қылмысы тіркеліп отыр. Полиция облыста есірткі қылмысына қарсы күресті күшейте түсті. «Заң және тәртіп» қағидасы аясында кешенді шаралар жалғасып жатыр.