Заңсыз иеленген активтерден қайтарылған қаржы ел игілігіне жұмсалып жатыр. Алға ауданы Маржанбұлақ елдімекенінде жаңа амбулатория бой көтерді. Емдеу орны заманауи құралдармен жабдықталған.

Кадр тапшылығы да жоқ. Амбулаторияның мүмкіндігін және аудандағы медицинаның ахуалын арнамыздың түсірілім тобы біліп келді.