Бойыңда тасыған талантың болса, өнерде шектеу жоқ. Қалалық саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің әртістері сөзімізге дәлел. Олар бүгін «Әлемнің сұлулығы - өнер» шығармашылық ұжымының есеп беру кешін өткізді. Өздерінің қолынан шыққан бұйымдарынан көрме ұсынып, сахнада өнерін паш етті.