Қалада параспортшылардың арасында боччадан жарыс өтті. Инклюзивті турнирде 10-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары өнер көрсетті. Бір қызығы жарысқа қатысушы параспортшының командасына сыныптас досы мен депутаттық құрамнан бір адам шақырылған. Осылайша құрамына үш адамнан енген 30 команда жасақталды. Жарыс туралы тілші тарқатады.