Облыс әкімі қаладағы жол құрылыстарын қарап шықты. Жаңақоныс елдімекенінің «Шестихатка» тұрғын алабына биыл алғаш рет асфальт төселіп жатыр.
Едіге батыр көшесін қаланың өнеркәсіптік аймағымен қосатын құрылыс аяқтауға жақын. Өңір басшысы Асхат Шахаров мердігерге құрылыс кезінде сапаға баса мән беруді тапсырды. Компания жолдың беріктігіне кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ облыс әкімі Мәншүк Мәметова көшесінде атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Мұнда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласы да абаттандырылған. Жоба Ақтөбе облысының тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз аула кеңістігін қалыптастыруды көздейді.