Қарғалы ауданында жиын-терім аяқталды. Биыл 111 мың гектардан дәнді дақыл орылып, 127 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына - 11 центнер. Аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаевтің айтуынша, биыл күздік дақылдардың өнімділігі жоғары болған. Кейбір жағдайда орташа өнімділік гектарына 25 центнерге дейін жетті. Сонымен қатар 33 мың тонна картоп жиналды. Бұл жұмыс алдағы он күнде толық аяқталады. Қазір өнімді молайту, уақытты үнемдеу үшін дәл осы салада жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.