15-26 қараша аралығында Жапония астанасы Токио қаласында XXV сурдлимпиада ойындары өтеді. Жарысқа ел атынан 79 спортшы қатысып, республика намысын қорғайды. Оның ішінде 5 ақтөбелік бар. Байрақты бәсекеге 2 айға жуық уақыт қалды. Қатысушылар қазір қызу дайындық үстінде.