Биыл XXV жазғы Сурдлимпиада Жапония астанасы Токиода өтеді. Оған әлемнің 80 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысады. Біздің елден 79 спортшы бақ сынайды. Барлығы 8 спорт түріне жолдама алған.

Олар: жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таеквондо. Өңір спортшылары да дайындықты үдете түскен.