Әкімдікте көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері мен атқарылып жатқан істер барысы талқыланды. Аталған жұмыстар үшін қазынадан 6,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Аймақ басшысы су басу қаупі бар елдімекендердің тізімін тізіп, тұрғындармен тығыз байланыста болуды қатаң тапсырды.