Байғанин ауданында бес ауылды құм басу қаупі бар. Құм көшкінін тоқтату үшін жергілікті билік тәлімбақта өскен тал-бұталардан қорған жасамақ.
Ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды, биыл жыл соңына дейін 10 елдімекенге көгілдір отын жеткізіліп, тағы екі ауыл ауыз сумен қамтылмақ. Осы және өзге де ақпараттарды аудан басшысы айтып берді.