Ер балалар тамақ істеп, қыздар отын жарды. Ассамблея жастары бүгін бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрудың үлгісін көрсетті. Мақсат - ауызбіршілікті арттыру арқылы отбасы құндылығын насихаттау. Қыз бен жігіт арасында өткен жарыс барысында отбасылық өмірге бейімделу, бір-біріне қамқор болу жайы айтылды.