5 қазан - Ұстаздар күні. Мереке қарсаңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген сақшылар білім нәрімен сусындатқан мұғалімдерін құттықтады. Сондай-ақ облыстық полиция департаменті әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға үлес қосып жүрген «Жас сақшы» сыныбының жетекшілерін марапаттады.