Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық күн сайын жаңарып келеді. Соңғы уақытта қолға алынған игі істердің бірі – ауылдағы Шығанақ Берсиев көшесіне асфальт төсеу жұмыстары. Бұрын ой-шұқыры көп, шаң-тозаңы көтерілетін бұл көше бүгінде тегіс әрі кең жолға айналды.
Жергілікті тұрғындар үшін бұл – көптен күткен қуанышты жаңалық. Сондай-ақ орталық стадион жанында көлікке арналған автотұрақ құрылысы да қарқын алған.