«Жылыту маусымы халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Әсіресе әлеуметтік нысандарда ақауларға жол бермеуге тиіспіз». Облыс әкімі Асхат Шахаров көшпелі кеңесте дәл осылай деді. Жиынға облыстық және қалалық коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Аудандардың әкімдері онлайн-форматта қосылды. Асхат Шахаров барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Айта кетейік, жылыту маусымында бюджет ұйымдарына 21 мың тоннаға жуық көмір және 1,2 мың тонна дизель отыны, ал халыққа 19 мың тонна көмір дайындау жоспарланған. Ауылдардағы барлық қазандық жөндеуден өткізілді.