Кеше Өнер орталығында "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ақтөбеліктерге керемет кеш сыйлады. Биыл 70 жылдығын тойлап жатқан шығармашылық ұжым "Би керуені" жобасы аясында өңірдің бірнеше ауданын аралап, жергілікті бишілерге шеберлік сабақтарын өткізген болатын.
Ал Өнер орталығында ұлттық және классикалық жанрдағы туындылар халық назарына ұсынылды. Тек би емес, ән мен күй де кештің көркін келтірді.
Ансамбль құрамында елімізге белгілі сахна майталмандары өнер көрсетті.