Ал Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен аудандық жастар ресурстық орталығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шара "Отан-Ана" саябағында өтті. «Абайды оқы, таңырқа!» атты шараның мақсаты – халқымыздың рухани темірқазығы болған кемеңгердің шығармаларын насихаттап, жас ұрпаққа үлгі ету. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибигүл Жұмағалықызы, аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысып, ақынның өмірі мен мұрасы жайлы тағылымды ойларын бөлісті. Кітапхана қызметкерлері Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, демалушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.