«Aqtobe camp – 2025» облыстық лагері өз мәресіне жетті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған жобаның мақсаты-жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, дұрыс ортаны қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
3 күндік шара аясында қатысушылар Мәртөк, Қарғалы аудандарына сапар шегіп, танымдық экскурсияларға барып, пайдалы ақпаратпен сусындады.