Өрт қауіпті кезеңнің алдын-алу мақсатында өңірде 36 мобильді топ құрылды. Құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орман шаруашылығының мамандары мен төтеншеліктер кірді. Мобильді топ мүшелері күнделікті рейд ұйымдастырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе табиғат аясына шығып, өзен-көл маңында демалыс ұйымдастырған көпшілік үшін қауіпсіздік ережелерін еске салып жүр. Талапты бұзғандар оннан - екі жүз айлық есептік көрсеткішке көлемінде айыппұл төлейді.