Перинаталдық кезеңдегі асқыну, жұқпалы және паразиттік аурулар, туа бітті дерт, тыныс алу, жүйке және ас қорыту жүйелерінің патологиясы.
Бұл нәресте өлімінің негізгі себебі. Биыл өңірде бала өлімі төмендеген. Дәлірек айтқанда республикалық көрсеткіштен 5,94-ке аз. Әкімдікте өткен аппарат жиынында денсаулық сақтау басқармасының басшысы осы деректі мысалға келтірді.