11 тамыздан бизнес бастауға арналған гранттардың екінші легіне құжат қабылдау басталады. Ол үшін Business.enbek.kz сайтына кіріп, өтінім толтыру керек. Бұл жолы Ақтөбе қаласы бойынша 187 адамға қаржылай қолдау көрсету жоспарланып отыр. Әр гранттың мөлшері – 400 айылық есептік көрсеткіш, яғни 1 572 800 теңгені құрайды. Қаражат бір реттік, қайтарымсыз негізде, тек бизнес дамытуға беріледі. Жобаның алғашқы легінің қорытындысы бойынша 381 адамнан өтінім түсіп, 117 қала тұрғыны бизнес идеясын жүзеге асыруға грант ұтып алған.