Жыл басынан бері облыс аумағында 1100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 10-ында жайылып жүрген мал жолға шығып кеткен.

Облыстық полиция департаменті төрт түлік иелерін үй жануарларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Қазіргі уақытта жол сақшылары рейдтік шараларды күшейте түскен.

Төрт түлігін қараусыз қалдырып, мал бағу тәртібін бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 3 АЕК есебінде айыппұл салынады. .