8 және 9 тамыз күндері өңірде Wrestling Stars League халықаралық жобасының төртінші кезеңі өтеді. Турнир аясында Жекпе-жек сарайында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның белді балуандары арасында тартысты белдесу өтеді. Жалпы саны - 14 кездесу. Ал 97 келіге дейінгі балуандар чемпиондық белбеу үшін бақ сынасады.