Жаңа оқу жылының басталуына да бір ай қалды. Өңір білім ошақтарында қызу дайындық жүріп жатыр. Жылдағы дәстүрге сай әлеуметтік жағдайы осал отбасы балаларына біржолғы мемлекеттік көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ биыл облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған төрт жаңа мектеп ашылады.