Темір ауданы алғаш рет Шұбарқұдық күнін атап өтті. Өлкенің мерекесі теміржолшылар күнімен қатар тойланды. Алдымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Шұбарқұдықта өндірілген» жәрмеңкесімен басталып, спорттық турнирлермен, танымдық кездесулермен жалғасты. Кештің әдемі қорытындысы орталық стадионда «Сүйікті мекен - Шұбарқұдық» атты гала-концертпен түйінделді.