Тұрмыс қамы деп қалаға сабылатын жұрт енді ауылдан көшпейтін болды. Өйткені, биыл аймақтағы бірқатар елдімекен көгілдір отынмен қамтылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданына қарасты Әйке мен Тереңсай да бар. Қазір 2 ауылға газ құбыры тартылып жатыр. Күн суытса үйінің пешін жылыту үшін от жағып, үнемі отынмен арпалысатын тұрғындар енді бұл бейнеттен арыламыз деп қуанып отыр.