1 тамыздан бастап елімізде Ұлттық ауылшаруашылығы санағы басталды. Бұл ауқымды науқан екі кезеңде өтеді. Алғашқысы – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта, ал екінші кезеңі – 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында оффлайн түрде жалғасады. Ауылшаруашылық құрылымдарына санаққа қатысу міндеттеледі.