Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл! Мерейтой аясында аймақта мәдени іс-шаралар онкүндігі бастау алды. Соның бірі қала орталығындағы Триатлон саябағында ұйымдастырылады. Әдеби караоке кеш ұлы ойшылдың туған күніне дейін өткізіледі деп жоспарланған.