Аймақта тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары басылмай тұр. Жыл басынан бері 102 пультіне азаматтардан 3400-ден астам қоңырау келіп түскен. Тәртіп сақшылары аталған жағдайларды бақылау барысында оның 137-іне қылмыстық іс те қозғаған. Қазіргі уақытта отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жер-жерде азаматтармен сауалнама жүргізіліп жатыр. 2 ай ішінде 500 мыңға жуық адамға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.