Елге келген әр туристің қауіпсіздігі маңызды. Сол себепті шетелдік меймандарға арнайы QR-коды бар туристік карта беріледі.
Бұл бастама шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің туристік инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар картада жедел көмек қызметімен байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасын жүктеу нұсқаулығы қарастырылған .
Арнайы карталар бүгін теміржол вокзалында жолаушыларға таратылды.