Спорт министрлігі жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған. Бүгінде облыста мектеп жасындағы 185 мың бала болса, оның 25 мыңы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері.
Алуан спортпен айналысып, түрлі жарысқа қатысу бала үшін физикалық, эмоциялық жүктеме әкеледі. Осыған сәйкес спорт федерацияларының ұсынысы негізінде жас шектеулері енгізілді. Өзгерістер денсаулық сақтау министрлігімен келісілген әрі халықаралық стандарттарға сай келеді-дейді жауаптылар.
Айта кеткен жөн, бұл талаптар тек жарыстарға ғана қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.