Төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама өз мәресіне жетті. Дауыс беру е-Gov Mobile қосымшасы арқылы жүргізілді.
Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасты. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жария болады. Мұндағы мақсат – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау.