Облыста 655 мыңнан астам ірі қара, 1 миллион 300 мыңнан астам қой-ешкі бар. Жылқы саны 378 мыңнан асады. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорының мәліметі. Мыңғырған мал молшылықтың белгісі.
Бірақ мұнша көп төрт түліктің арасында жұқпалы ауру жылдам тарайды. Ал оның алдын алу ветеринария басқармасының міндеті. Бүгін басқарма басшысы 6 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.