Аймақта мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолы Ырғыз ауданында су айдындарындағы мұз қабатын әлсірету жұмыстары қолға алынды. Алдын алу шаралары аясында сеңнің кептелуін болдырмау және көктемгі тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бақылаудағы жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шарасы Ырғыз өзенінің екі учаскесінде атқарылды. Яғни, Шеңбертал ауылы маңындағы 2000 шаршы метр аумақта және аудан орталығынан 2500 шаршы метр аумақта.