Көрісу күні білім беру ұйымдарында да аталып өтілуде. Бүгіннен басталған наурыз мерекесі қаладағы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында ұйымдастырылды. Ұлттық өнер насихатталып, қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаттары өткізілді. Ақ жаулықты әжелер ұршық иіріп, тоқыма әдістерін көрсетті. Ал, балғындар жарыса жарапазан айтып, жылдың басын жақсылықпен сүйіншіледі. Наурызнама онкүндігіне сәйкес, алдағы уақытта мерекелік шаралар өткізілетін болады.