Германияда өткен Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы барлығы 11 медаль жеңіп алды. Оның біреуі — алтын, қалған оны — қола. Жалпыкомандалық есепте еліміз 23-ші орынға жайғасты.
Соңғы екі медаль дзюдо шеберлерінің еншісінде. Байрақты бәсекеде қоржынына медаль салғандардың қатарында ақтөбелік жас спортшы Аман Бақытжан бар.
Арнамыздың түсірілім тобы жүлдегермен кездесіп, универсиаданың қалай өткенін біліп келді.