Әрбір жас жігіттің нағыз азаматқа айналар мектебі - әскер. Бұл - ерік-жігерді шыңдап, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыратын орта. Шаһардағы 30/238 әскери бөлімінде бүгінде 400-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Олар армия қорқыныш емес, абырой деп түсінеді.