1966 жылы Шалқар ауданы, Қорғантұз орта мектебін бітірген 54 оқушы бүгінде егде тартқан. Олардың қатарында еліміздің әр түкпірінде педагог, экономика, медицина сынды әр саласында қызмет жасаған танымал адамдар да бар. Тағылымы мол кездесуде түлектер ұстаздарымен сағынысып қауышты. Араларында бірін-бірі жарты ғасырдан соң ғана көріп, жүздесіп жатқандары да бар. Шара барысында талай талантты тәрбиелеп, ұшырған алтын ұя - Қорғантұз мектебі туралы естеліктер айтылды. Жиналғандарға 50 жылдыққа арнап шығарылған "Кетпейсің ойдан, қиялдан" атты кітабы сыйға тартылды.
Жаңғабыл Қабақбаев, Халықаралық қазақ тілі қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары