Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. Халық қалаулысы құрылыс жұмыстарының сапасын және жүргізілу деңгейін мұқият бақылап, жауапты мамандармен пікір алмасты.