Өңірде көппәтерлі 31 тұрғын үй апатты жағдайда. 500-ге тарта баспана күрделі жөндеуді талап етіп тұр. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан бюджеттік кредит беру қарастырылуда. Одан бөлек, халықты сапалы ауыз сумен қамту, елдімекендерге газ құбырын тарту, коммуналдық желілерді жаңарту сынды жобалар жүзеге аспақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты басқарма өкілдері баяндады.