Ақтөбенің экологиялық ахуалын жақсарту үшін арнайы жол картасы әзірленді. Алдымен атмосфераны зиянды қалдықтармен улап отырған алып кәсіпорындарға бақылау күшейтіледі. Автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылады, ферроқорытпа газын бөлетін алауды энергия көзіне айналдыру жоспарда бар. Өңірдің бас экологы қоршаған ортаның қазіргі жай-күйімен бөлісті.