Өңірде төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнама жүргізіліп жатыр. Жоба өткен 23-ші сәуірде "Ұлттық кітап" күнінде бастау алған болатын. Содан бері аймақ кітапханаларында оқырманмен түрлі насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай маңызды шараның бірі бүгін - Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті. Шара қатысушылар аталған сауалнамаға дауыс берудің ереже, шарттарымен танысты. Айта кетейік, сауалнама 3 айға созылып, оның нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланады.{