Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні. Елімізде осы салада 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Байтақ даламызда судың басы-қасында жүрген, күні-түні кезекшілікте тұрып, қалтқысыз қызмет еткен мыңдаған жұмысшының еңбегі елеусіз емес. Әріптесім Ботакөз Сахитжанова кәсіби мерекеде Ақтөбе су қоймасындағы білікті маманмен жүздесіп келді.