Самокатқа салым салғандардың салы суға кетті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "HRT" атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Жалған ұйымға 115 адам алданған. Олар шамамен 200 млн теңге қаржысынан айырылып отыр.