Маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеде адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Биыл 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем көлігі беріліп, 4 дәрігер қызметтік пәтердің кілтіне ие болды. Сала үздіктерінің де еңбегі еленді.