Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институттында мерзімді қызметтегі 180 әскери қызметші ант қабылдады. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен жүздеген қонақ келді. Салтанатты шарада бір мезетте жас жауынгер даярлығынан өткен бір үйдің үш ұлы Отан алдындағы анттарын қабылдады.